Сенім жәшігі

№ 2 Ленинград орта мектебінің 2 сынып оқушыларымен

келесі диагностикалық жұмыстар өткізілді

 

Күні: 21.01.2022ж.

«Баспалдақ» әдістемесі

Мақсаты: Баланың өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау

Нұсқау:Егер балалардың барлығын осы баспалдаққа отырғызсақ, онда жоғарғы үш сатысында жақсы балалар: ақылды, қайырымды, мықты әрі үлкендерді тыңдайтын балалар отырады, ал төменгі үш сатыда жаман балалар отырады. Ортаңғы сатыларда жақсы да емес, жаман да емес балалар орналасады. Сен өзіңді қай сатыға қоятыныңды көрсет. Неге осы сатыға қойғаныңды түсіндір.

 «Социометрия» әдістемесі

Нұсқау: Сыныптағы оқушылардың ішінен төменде берілген сұрақтардың ішіне оқушының толық аты-жөнін жаз.

  1. Кіммен бір партада отырғың келеді?
  2. Кіммен асханаға бірге барғың келеді?

 Балалардың таным процестерін зерттеу әдістемелері

1. «Өрнекті жалғастыр» әдістемесі

Мақсаты: Баланың зейін тұрақтылығын  анықтау және дамыту

Нұсқау: «Суретші суреттің бір ғана бөлігін салды, екінші бөлігін салуға үлгермеді. Суретті аяқта, есіңде болсын, суреттің екінші жартысы дәл бірінші жартысындай болуы керек».

 2. «Байқағыштық» әдістемесі

Мақсаты:  Баланың байқағыштығын, қабылдау ерекшеліктерін зерттеу және дамыту;

Нұсқау: Саған екі сурет көрсетіледі. Мұқият қарап шық, айырмашылықтарын тап.

18.01.2022ж. 5 сынып оқушыларымен «Итке көмектес» 

Тест, холистикалық психологияның принциптеріне негізделген (визуалды белгілер және жобалар), қаншалықты сіз жақыныңызға көмектесуге қабілеттісіз соны анықтау керек болады.

Нұсқау:

Мына суретте иттің басымен төмендеген және құйрығы бейнеленген. Оның бақыты үшін анық бір нәрсе жетіспейді, бірақ атап айтқанда не? Иттің қасына барлық суретті салыңыздар, сіздің ойыңыз бойынша оның көңіл-күйін қалай көтересіз. Мейлі сіздерді ешқандай ойлардың нәтижесі тоқтатпасын, бұл итке тура келмейді-ау, бұл оған керек емес деген. Не қаласаңыздар соны салыңыздар.

Бұл тест сіздің адамдарға аяушылық танытып, дер кезінде көмектесе алатын қабілетіңізді түсінуге көмектеседі.

Өткізген:педагог-психолог Жаканова Р.К.

 

Қазақстан Республикасының 30 жылдық тәуелсіздігінің аясында, №2 Ленинград орта мектебі бойынша «Мен мықты болсам – Қазақстанда мықты» атты қазан айының 11.10.21. – 22.10.21 арасында психологиялық денсаулық  апталығына арналған  іс – шаралар өткізілді

Орындаған:педагог-психолог Жаканова Р.К.

22.12.21ж   8-11 сынып қыздарымен репродуктивтік денсаулық туралы профилактикалық әңгіме,бейнеролик көрсетілді.

 

22.09.21ж. Мектеп ұжымымен суицидтың алдын алу жұмысытары өткізілді

19.11.21ж.  9,10.11 сынып оқушыларын вакцинаға қатысты буклетпен мектеп мейірбикесімен бірге таныстырып шықтым.

 

16.11.21ж. Сонымен қатар 9 «А», 10 «А» сынып ата-аналарының жиналысына қатысып «Балалардың отбасындағы қауіпсіздігі» туралы әңгімелесейік атты лектория және бейне роликтер көрсеттім.

 

14.11.21ж. «Кибербуллинг» әңгіме және слайд 8-11 сыныптар арасында.

 

21.10.22. «Ұялы телефонға сот» 7 – 10 сыныптар арасында Әлеуметтік педедагог Шакенова А.Н.

22.10.21«Бақыт ағашы»  тілектер жазу Аптаның  қорытындысы Педагог-психолог Жаканова Р.К.

20.10.21. «Менің отбасым» конкурс 1 – 6 Суреттер сайысы 7-11 Слайдтар сайысы «Жас Ұлан» ұйымының басшысы Ахмет-Тұран Ә.Қ. Көркем еңбек пән  мұғалімі  Итжанова А.К Сынып жетекшілер

18.10.21. Сынып сағаты (жергілікті терапевпен кездесу ұйымдастыру)

19.10.21. «Психологқа ашық хаттар» 5-11 сыныптар арасында Педагог-психолог Жаканова Р.К.

 

15.10.21. Сурет Галереясы «Менің көңіл-күйім» 5-7 сыныптар арасында Көркем еңбек пән  мұғалімі Итжанова А.К.

 

14.10.21. Кибербуллинг әңгімі және (слайд) 8 -11сыныптар арасында педагог-психолог Жаканова Р.К ұйымдастыруымен.

 

13.10.21. «Менің  қызығушылығым», «Өмір  баспалдағым»,  «Бақытты минуттар»  слайд-шоуы 9-11 сыныптар арасында  психолог Жаканова Р.К және сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен

12.10.21.  «Жасөспірімнің психологиялық  денсаулығы»  әңгіме және  (слайд)

7-10 сыныптар арасында педагог – психолог Жаканова Р.К. өткізді.

 11.10.21ж   «Мен мықты болсам – Қазақстанда мықты» атты психологиялық денсаулық апталығының жоспарымен  таныстырылып, «Мен мықты болсам – Қазақстанда мықты» атты

1-11 сыныптарда арасында сынып сағаттары сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен өткізілді.

 

 

29.09.21ж. №2 Ленинград орта мектебінің 1 сынып ата – аналарымен «ХХІ Ғасыр ата – аналар өз балаңа үлгі бол» атты конференциасын ZOOM арқылы өткіздім.

  1. Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет.
  2. Балаларда интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу.
  3. Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу. Мектепке діни атрибутика киюге тыйым салу, алдын алу шарасы ретінде. Баланы бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – әрбір ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.
  4. Отбасылық құндылықтарды нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.
  5. Балаға мектепте оқуға бейімделуге тиімді көмек шаралары: үш «Б» заңы: Бейімдеу, Бедел, Белсенділік.
  6. Баланың өзін-өзі бағалауын арттыру.
  7. Ойын, жағымды мотивация жасаудың үздік тәсілі ретінде.

 

Балаларда интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу.

Сонымен қатар диагностикалық жұмыстар тексерілге соң,ата-аналарды, нәтижелерімен таныстырып, оқушымен қандай жұмыс атқару керек, психологиялық кеңес берілді.

23.09.21ж.  №2 Ленинград орта мектебі бойынша 1 «Ә», 1 «А» сынып оқушыларымен сауалнамалар өткізілді. Сауалнама барысында келесі бағыттар бойынша оқушылардың қабілеттері тексерілді.

  1. (Керн-Йерасек) Адамның суретін салу.
  2. Сөздер көшірмелері (колеграфиясын тексеру)
  3. Нүктелер көшірмесі
  4. «Баспалдақ» әдістемесі (өзін –өзі бағалау)

 Балалардың таным процестерін зерттеу әдістемесі (логикалық ойлау қабілеттерін анықтау

Диагностикалық жұмыстар тексерілге соң, сынып жетекшілерін, нәтижелерімен таныстырып, қай оқушымен қандай жұмыс атқару керек, психологиялық кеңес берілді.

 

Ата-аналар мен оқушылар назарына!

«№ 2 Ленинград орта мектебінде» КММ-де «Сенім телефоны» және «Электронды сенім жәшігі» жұмыс істейді.

«Сенім жәшігі» туралы ақпарат

Ата-аналарға көмек:

Бұл жерде сұрақтарыңызға жауаптар ала аласыздар:

  • Бала бақша мен мектепке түсу кезіндегі емтихандарға дайындық кезіндегі психологиялық қолдау;
  • Озінің қатарластарымен және тәрбиелеуде қиындықтары бар балалардың ата-аналарына көмектесу;
  • Оқушыларға кәсіп таңдау бойынша көмек көрсету;
  • Балаңыздың депрессияға, мінезі тұйық немесе керісінше балаға тән емес әрекет болған жағдайда көмек көрсету;
  • Балаңызда қоршаған ортаға және қатарластарына қатысты жанжалдар мен агрессивтіліктің жоғары деңгейі болған жағдайларда көмек көрсету.

Балаларға арналған көмек:

Егер сен,

  • Қорқыныштан қандай да бір оқиғалардан қорықсаңыз және сізде бұл жағдайды талқылау үшін ешкім болмаса;
  • Егер сіз ренжіген болсаңыз, я болмаса сізді біреу ренжіткен болса сіз жақын адамдарыңызға хабарлаудан ұялатын болсаңыз, немесе сізге физикалық күш қуат көрсетсе сізге жағымсыз әрекеттер жасаған кезде бізге жазыңыз;
  • Егер сіз өлім туралы ойлар мазаласа, жалғыз болсаңыз, жабырқасаңыз бізге жазыңыз
  • Егер сіз дәрі-дәрмектер, темекі қоспаларын және басқа да заттарды пайдалансаңыз және олардан қалай құтылуды білмесеңіз бізге жазыңыз.

«Сенім телефоны» жөнінде ақпарат

Психологиялық-педагогикалық және құқықтық көмек көрсету жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында «№ 2 Ленинград орта мектебінде» КММ-де «Сенім телефоны» жұмыс істейді

Сенім телефоны: +7 (71546) 31-996

Педагог-психолог Жаканова Разиха Карбаевна
тел. +7 (775)309-23-39

Зам. по ВР Космаганбетова Айгерим Тлектесовна, телефон +7 702 465 94 12

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Ленин көшесі 26

Электронный ящик доверия: yashchikdoveriyalssh2@mail.ru