№ 2 Ленинград орта мектебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстар жөнінде ақпарат
№ 2 Ленинград орта мектебінде 5-11 сыныптарында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы онлайн ұйымдастырылды. «Парасатты азамат» бұрышын ұйымдастырылды.
1-11 сыныптарында Сынып сағаттарының тақырыптық жоспарларына адамгершілік және құқықтық тәрбие бағытындағы тақырыптар енгізілді. «Санаңды сақта жас ұрпақ» акциясы аясында 1-11 сыныптарында онлайн сынып сағаттары өткізілді.
8-11 сынып арасында «Біздің таңдауымыз-заңды мемлекет» ZOOM платформасы арқылы дөңгелек үстел өткізілді. Клубтын отырысы барысында клубтың басшысы 10 сынып оқушысы Сабиров Адлет оқушыларға заңды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, білімдерін дағдыландыру, саяси өмірден хабардар, жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой пікірлерімен санасуға жағдай жасау жөнінде сөз айтты.
«Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» қашықтықтан сурет байқауы өткізілді.
Іс шара барысында оқушыларға «Құқықбұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» ұғымының мағынасын ашу, неге «тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» мәдениетін құру мұнша маңызды болып табылады? деген сұрақтар бойынша постер қорғап, ойларын ортаға салды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы акт
Антикоррупционная стратегия Республики Казахстан на 2015-2025 годы