Мемлекеттік қызметтер

Білім саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы

Осы Заң Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіруге, оны өткеруге, тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын, сондай-ақ өзге де адамдардың мемлекеттік органдардағы қызметі мәселелерін айқындайды

 

"№ 2 Ленинград орта мектебі" КММ Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап "№ 2 Ленинград орта мектебі" КММ-де 1 Мемлекеттік қызмет көрсетілді

Мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметті алудан бас тарту, сапаға, қызметкерлерге немесе қызмет көрсету мерзіміне қатысты келіп түскен шағымдар болған жоқ.

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау"мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша.(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 632 бұйрығы. 9 Т.2). мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіне бұрын берілген санатты беру (растау) туралы бұйрықтың көшірмесін енгізу қажет, өйткені бұрын берілген біліктілік санаты туралы куәліктің түпнұсқалығын бұйрықпен растау қажет.

"Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша (ҚР Білім және ғылым министрінің 25.12.2017 № 650 бұйрығына 12-қосымша). Қызмет көрсетуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша (07.10.2019 ж.жағдай бойынша өзгерістермен ҚР Білім және ғылым министрінің 13.04.2015 ж. № 198 бұйрығына 5-қосымша) қызмет көрсетуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

"Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру"мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша -1 (ҚР Білім және ғылым министрінің 08.04.2015 №179 бұйрығына 3-қосымша).

"Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет стандарты бойынша -29 өтініш қабылданды. Қызмет көрсетуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.